Басты жаңалықтар

Кішіпейіл президент: Түрік көшбасшысы Ердоғанның әрекеті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Кортежімен келе жатқан Түркияның мемлекет басшысы Ердоған тас жолда өзіне қол бұлғаған қыз үшін тоқтап, маңдайынан сүйді. Президенттің бұл қылығы елді сүйсінтті.

Желіде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның әрекеті қызу талқыға түсті.

Оқиға желісімен: Кортежімен келе жатқан президет тас жолдың бойында  қол бұлғап тұрған қызды көреді. Көп ойланбастан, Ердоған жүргізушісіне тоқтауды бұйырады. Қуанышын жасыра алмаған қыз бала көлікке жүгіре салады. Ал түрік көшбасшысы қыз баланы шақырып алып, маңдайынан сүйген.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түседі. Оқырмандар Ердоғанның кішіпейілдігіліне тәнті болып, өздерінің оң пікірлерін қалдырған.

https://youtu.be/1G4u6Nlb538