Басты жаңалықтар

Астаналық полицей ұсталды: Желіде тараған бейнежазба жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Полицейдің ұсталған сәті түскен видеоға байланысты Астананың ішкі істер департаменті түсініктеме берді

Желі қолданушы өзінің Фесбук парақшасына видео жүктеген болатын. Онда екі азаматтың құзырлы орган қызметкерін ұстап, күштеп көлікке отырғызбақ болғанын байқауға болады. «Жол апаты болған шығар деп ойладым, алайда төбелес екен. Екі адам полицей формасын киген жігітті күштеп көлікке отырғызбақ болды. Жігіт «көмектесіңдер» деп айғайлап жатыр. Соңында әлгі үшеуі жол шетіне шықты, сол маңнан өткен-кеткендердің бәрі форма киген жігітке көмектеспек болды. Жігіт жап-жас, қорқып қалған, маған «102» нөміріне қоңырау шалуымды сұрады. Ол жігіт сол маңдағы адамдарға әлгі екеуі қалтасына бір нәрсе салып, оған жаба салмақшы екенін түсіндірді. Біз екі адамнан куәліктерін көрсетуді сұрадық. Қызметтік куәліктері бар. Олар 102-ні өздері шақырып, жаңағы жігітті патрульдік көлікке отырғызды. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. Жігіттің бір кінәсі бар деп үміттенемін. Түсініксіз. Көшеде форма киген адамды ұстап жатқанын күнде көре бермейсің. Әдетте бәрі керісінше болады», — деп жазды желі қолданушы. Елордалық ІІД баспасөз қызметі ІІБ күзет бөлімшесінің полицейі ұсталғанын түсіндірді. «Видеода Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ қызметкерлерінің заң бұзушылық жасады деген күдікпен ішкі істер органдарының күзет бөлімшесінің полицейін ұстап жатқаны сәті түсірілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр»,- деді баспасөз қызмет өкілі.