Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандасымыз халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды (фото, видео)

Отандасымыз халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды (фото, видео)
ашық дереккөз
Ресейде өткен "Пироговский рассвет" халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында қазақ қызы Сая Махамбет бас жүлдені жеңіп алды
Мәскеу іргесіндегі Мытище қаласында  болған байқаудың  жеңімпазы атанған бойжеткен өзінің қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөліскен. https://www.instagram.com/p/BmE1C2MA-1k/?utm_source=ig_web_copy_link "Аллаһтың қалауымен Мəскеу қаласында өткен 8-Халықаралық "Пироговский рассвет" байқауының бас жүлдесін қанжығамызға байладық. Байқауға 40 шақты ел қатысуға өтініш білдіріп, ақтық сынға 11 мемлекет іріктеуден өтті. Бұл байқауда өзімнің авторлық туындым "Қазағымсың", жəне "Кукушка" əнін орындап шықтым! Халықтың ықыласы өте тамаша болды!", - деген Сая өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын білдірген. https://www.instagram.com/p/BmFDRjBn8_b/?utm_source=ig_web_copy_link Байқаудың талабы бойынша, конкурста қойылатын ең жоғары бал - 70 болса, отандасымыз  Сая Махамбет соның 68 балл жинап, бас жүлдені иеленген.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар