Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

12 жастағы балақай университетте оқып жүр

12 жастағы балақай университетте оқып жүр
ашық дереккөз
Мексиканың Ұлттық автономдық университетінде 12 жастағы Карлос Сантамариа Диас білім алуда 
Карлос Сантамариа Диастың жасы небәрі 12-де. Бірақ ол бүгінде «биомедициналық физика» мамандығы бойынша бакалаврда оқиды екен. Түсер алдында бәрімен бірдей емтихан тапсырып, еш қиындықсыз оқуға қабылданыпты. Карлос мектептен-ақ ерекше бала еді. Екінші сыныптан бастап, өз бетінше физика мен математиканы оқи бастаған. Тоғыз жасынан бастап химия, биохимия, билогоия пәндері бойынша университеттік бағдарламаларға қатысып та үлгеріпті. Айтуынша,  оның мақсаты – сирек кездесетін ауруларға дәрі ойлап табу. Ал қазіргі таңда  «өзіңді данышпан санайсың ба?» деген сұрақты мүлдем жек көретін көрінеді. Өз кезегінде университетте 12 жастағы студентке ерекше көңіл бөлінбейді және ұстар оған басқаларымен қатар жүресің деген екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар