Басты жаңалықтар

Отандық әншінің комаға түскен анасы туралы жазбасы елді жылатты (фото)

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірәйімов ауырып жатқан анасына жантебірентерлік жазба арнады

Әнші  Бағлан Әбдірәйімов комаға түскен  анасына арнаған  жантебірентерлік жазбасында  өз оқырмандарынан тілекші болуын сұрады.

Есін жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз! Алматы, Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салуда.

Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр! Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы. Сіздерден несін жасырайын... Неше түрлі ойға шомылып қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады! Тілекші болыңыздаршы!", - деп жазды ол. https://www.instagram.com/p/BmGkwNUl7JS/?utm_source=ig_web_copy_link