Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әттең, өткенді қайтара алмаймын: Ильин әйелімен не үшін ажырасқанын ашық айтты

Әттең, өткенді қайтара алмаймын: Ильин әйелімен не үшін ажырасқанын ашық айтты
ашық дереккөз
Отандық спортшы Илья Ильин отбасында болған оқиғалар мен басынан өткен қиындықтар туралы бөлісті
Ауыр атлетші Илья Ильин өмірінде болған қиын-қыстау кездер туралы, сондай-ақ оған қаншалықты ауыр тигенін - бәрін жасырмай айтты. Әйелі Наталья Кулаковамен ажырасқан уақытта, спортшы допинг жанжалына қатысты күйзелісте жүргенін айтты. Бірақ, әйелімен ажырасуды дәл соған байланыстырудың мүлдем қажеті жоқ. Себебі, спорт саласындағы қиындық болмаса да, шаңырағымыз көп ұзамай шайқалатын еді,- дейді. https://www.instagram.com/p/BjekYldFZ65/?utm_source=ig_web_copy_link Сондай-ақ,  жұлдызды спортшының жан жары Наталья күйеуінің суретке түсе беретін  жанкүйерлерінен әбден мезі болған көрінеді. "Мен өзіммен-өзім жеке бөлек өмір сүремін. Мен менмін, басқалардың көргісі келетін адам емеспін. Барлық міндеттерімді еркекше орындадым. Мен қызу қанды жігітпін, күнәларым да жоқ емес екенін мойындаймын. Алайда, бұл өмір өткенді қайтарып ала алмайсың", - деп айтты Ильин.
Спортшы допингтен гөрі ажырасуды қиындау қабылдағанны да жасырмады.
"Спортта бәрін жасауға болады, ретке келтіріп жандандыруға мүмкіндік бар. Ал сүйікті адамыңды жоғалту мүлде басқаша. Бұл өте ауыр сезім. Менің жарам әлі де жазылмады", - деді Ильин.

Ауыр атлет басына түскен ауыр сынмен қалай күресіп жүргенін де айтты.

"Жаттығулар, саяхаттау мен достарыммен көрісу маған көтек етуде", - деді спортшы.

Спортшы қарым-қатынаста өзара түсіністік пен қолдаудың аса маңызды екенін атап өтті. Дәл осы нәрселер Наталья екеуіне жетіспеген көрінеді. Оның айтуынша, әйелі екеуін тек қана қызы Милана ғана біріктірген.

Қазіргі таңда, Илья ата-анасымен тұрады. Олар өз кезегінде бұрынғы келіндерімен жақсы қарым-қатынаста қалған.

https://www.instagram.com/p/BP4zuAtj2ua/?utm_source=ig_web_copy_link

Спортшы өзінің уақытын барынша қызына арнауға тырысады. Ол Милананы мектепке апарып, бірге қызықты уақыт өткізгенді бірінші орынға қойған.

Ажырасқалы араласпай кеткендеріне қарамастан Илья Наталья Калмаковамен болашақта қайта қосылып қаларына үмітті екенін айтты.

Алайда, бұл жағдай орын алмаса ол бұрынғы әйелімен жақсы дос болмақ.

Спортшы ажырасудың өзі үшін үлкен сабақ болғанын жеткізді. Алдағы уақытта ол жаңам қарым-қатынас құруды ойлап жүрген де жоқ. Бар назары мен уақытын зілтемірге арнаудамын,- дейді Ильин.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар