Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заманбек Нұрқаділовтің немере қызы қыздарды ұнататын айтты

Заманбек Нұрқаділовтің немере қызы  қыздарды ұнататын айтты
ашық дереккөз
Бибінұр Қайратқызы сүйікті қызымен қалай танысқанын, араларындағы махаббат жайлы ашық іңгімелеп берді.
Журналистика факультетін бітірген Заманбек Нұрқаділовтің немере қызы Инстаграм парақшасын белсенді түрде жүргізеді. Үнемі болып жатқан жайттарға қатысты, өз өмірі жайлы ойларын ашық жазады. Бүгінде жеке өмірі де ешкім үшін құпия емес. Басында бейтаныс қызбен фотосуреттер пайда бола бастады, Бибінұрды үнемі оқитын оқырмандар бейтаныс қыздың кім екенін түсіне алмай әлек болды. Көбісі оны жаңа құрбысына балаған болатын. Алайда Инстаграмдағы "История"-да олардың арасында достық сезімі емес екені байқалды. Оған қоса "Менің түрлі-түсті әлемім" деп аталған фотосуреттер тағы бар. Осы кезден бастап, Нұрқаділованың сексуалды бағдарлануы бөлек екені түсінікті болды. Ендігі бәрін қызықтырғаны бір баланың анасы, кеше ғана қарапайым әйел болған Бибінұр қалай бір күнде өзгеріп кетті, қасындағы сүйіктісі кім, оны қалай кездестірді? Желі қолданушылардың "мұның бәрін хайп үшін ғой" деген пікірлеріне Бибінұр үзілді-кесілді "жоқ" деп жауап берді.  width=Ал соңғы жазбасында қызын қалай кездестіргені жайлы жазған. Ғашығының аты - Тоғжан. Ол Бибінұрды бұрыннан ұнатқан екен. Басында қаладағы барларды кездестіріп жүрсе, кейіннен Бибінұр ашқан жаңа барға үнемі келетін болған. Ұзақ сырттай ғашық болып, бір күні танысуға бел буады. Содан бастап олардың махаббат хикаясы басталғанын жеткізді. Басында оған деген сезімдерін түсінбегенін, мұндай ерекше қарым-қатынаста өзін қалай ұстау керек екенін білмегенін жасырмады. Тоғжанның кез-келген жігіттен артық қамқорлық көрсеткені жайлы да оқиғаларды тізіп жазған. Ең қызығы, бұл жазбаның қаралымы көп болғанымен, комментарийлердің бәрі жақсы. "Бақыт тілейміз", "қызық хикая", "сіздер үшін қуаныштымыз" сынды қолдаулар ғана. Алайда, Бибінұр соңғы жазбасын белгісіз себептермен өшіріп тастаған. Сөз соңында жоғарыда айтқан инстаграм "историясында" бұл жайлы әке-шешесі білетінін, ұлының әкесі де білетінін айтып, олардың бәрі ақ батасын берген дейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар