Басты жаңалықтар

Кішкентай қызға кальян шектіргендер көпшіліктің қатал сынына ұшырады (видео)

Ғаламтор желісінде балақайдың кальян шегіп жатқан видеосы тарап кетті. Бүлдіршінді мұндай ерсіз қылыққа баулып жатқандар көпшіліктің қаһарына ұшырады

Желіде тарап үлгерген бұл видеода  Диана есімді кішкентай қыздың кальян шегіп жатқаны көрініс тапты.  Желі қолданушылар бұны істетіп отырғандарға жағымсыз пікір қалдырып қана қоймай, оларды  аяусыз сынады. "Не тәрбие беріп отыр. Қандай масқара, жасатып отырғандарды тауып жауапкершілікке атрту керек", - деп жазды оқырмандар.

Халық кальян арқылы бала денсаулығына зиян келтірген адамдарды тауып, оларды міндетті түрде  сотқа беруді ұсынуда.

Желі қолданушыларының болжамынша, бүлдіршінге ерсіз қылық үйретіп отырғандар ата-анасы болуы мүмкін.

https://youtu.be/JuHlYTtiezQ