Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Нұртастың жұбайы өзі туралы шындықты айтты

Қайрат Нұртастың жұбайы өзі туралы шындықты айтты
ашық дереккөз
Жұлдыз Әбдікәрімова оны әлеуметтік желіде «құтырған әйел» деп атаған халыққа жауап берді
Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде тарап кеткен сурет үшін көптеген сұрақ тарап кеткен еді. Жұлдыздың сөзінше,  сол кезде өзін «құтырған әйел» деп ойлайтындар көп болды. Алайда, оқырмандарымен жақсы қарым-қатынасты ұстайтын  әншінің жары халыққа бар шындықты айтуды жөн көрдім ,- дейді. «Осы суреттің тарихын қысқаша жазып кетпеске болмас, себебі көптеген басқа парақшаларда қыдырып, ел арасында қызу талқыға түсіп жүр екен. Әркім өз тарапынан әртүрлі нұсқалар жазып, тіптен қазір мені құтырған әйел деп те ойлайды екен. 2009 жылы Астана қаласында, «Меганың» ішінде Сезімді ойнатып болып отырған сәтте естелікке «өзімізге» деп түскен едік негізі. Ескі танысымыздың телефонына түсен едік. Менің жасым шамамен 20-да, жүктілік 8ай (Алауға), Сезім 1 жаста», – деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы. Өз сөзінде Жұлдыз Әбдікәрімова сол уақыттарда жұбайы Қайратты айлап көрмейтін кездері болғанын айтты. «Ақ патшамды айына бір-ақ рет көрсем көрдім, көрмесем «ақ жол» деп тілеуін тілеп отыратын кез. Себебі сол кезеңдерде концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға көп шығатын», – деп жазды Жұлдыз  Әбдікәрімова Instagram-парақшасында.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар