Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзім үшін бала тудым: Жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан ару сырын ақтарды

Өзім үшін бала тудым: Жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан ару сырын ақтарды
ашық дереккөз
32 жастағы келіншек отырып қалған қыздарға өздері үшін бала табуға кеңес берді.
Айтуынша, "әкесіз бала тапқанша, отау құрып, балалы болып, кейін ажыраса салғанның еш сөкеттігі жоқ" екен. Келіншек шаңырағының шайқалғанына өкінбейтін де көрінеді. "Басты байлығым - балам" деген.

Астаналық Айым есімді жас ана (авт. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) осыдан екі жыл бұрын өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, кейін ажырасып кеткендіктерін баяндап берді. Бұрынғы некеден жалғыз ұл сүйіп отырған ол, жолдасымен ажырасып кеткеніне өкінбейтінін айтып қалды. Жас ананың ендігі мақсаты кішкентай батырын үлкен азамат етіп өсіріп, ел қатарына қосу болып отыр. "Бұрынғы жолдасыммен мейрамханада таныстым. Қарапайым отбасынан шыққан, түр-келбеті бар келісті жігіт болатын. Екеуміз де бір облыстан болғандықтан, алғашында жерлес ретінде ғана араласып жүрдік.

Жасыратын ештеңесі жоқ, жасым сол жылы жасым 32-де болғандықтан, менде тездетіп тұрмыс құрып, ана болу мақсаты тұрды. Жерлес жігіттің бойынан маған деген ерекше сезімін көріп, 7 жас кіші екендігіне қарамастан, оған "жігіт" ретінде қарай бастадым.Жарты жылдай жүріп, кейін үйленейік деген ұсыныс айтты. Солай отбасын құрып, балалы болдым. Түсініспеушіліктің бәрі сол өмірге бала келгеннен басталды. Үйге кеш келуді, достарымен анда-мындамын деп сылтауратуды бастады.Кейін кеш те болса, оның әке болуға, біз үшін жауапкершілік алуға дайын емес екенін түсіндім. Ақыр соңында өзінен кіші жас қызбен кездесіп жүргенін білдім, сөйтіп, ажырасып тындық",-дейді жас ана.

Айымның айтуынша, ол өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына еш өкінбепті. Керісінше, одан балалы болғаныма қатты қуанған көрінеді. "Менің ата-анам оқыған, үлгілі отбасыдан шыққан жандар. Өзім үшін бала тауып алсам мені кешірмейтін еді, әсіресе әкем ондайға қатал адам. Қазір, ештеңеге өкінбеймін, есесіне балам бар. Жолдасымның шыққан тегі, туыстары өте жақсы адамдар. Ертең балама сол қасеиттер беріледі деп ойлаймын. Мен сияқты қызмет қуып, отырып қалған қыздарға айтарым, өздеріңізден қанша жас кіші жігіт болса да, тұрмыс қуып, өздеріңіз үшін бала тауып алыңыздар. Бала – бауыр етің, күйеуің сатып кетсе де, балаң ешқашан анасын сатпайды. Әйел адамдарға одан артық қандай бақыт керек? Ендігі арманым осы баламды жеткізіп, адам қатарына қосу",-деп әңгімесін аяқтады жас ана.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар