Атырауда үшем дүниеге келді
Бақытты ана Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылының тұрғыны Ардақ Жұмағалиева менжолдасы Уәли Айдарбеков бірден жеті ұлдың ата-анасы атанды. Бұған дейін олардың 4 ұлы бар еді.
«Баланы байлық санайтын қазақпыз ғой. Жолдасым Уәли Ақтау қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Өзім үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысамын. Басымызда үйіміз жоқ, сол ғана көңілге кірбің түсіргені болмаса. Осыдан он жыл бұрын, яғни, 2008 жылы жерге арыз берген едім. Әлі алған жоқпын. Қазіргі тұрып жатқанымыз ерімнің әке-шешесінің үйі», дейді Ардақ Жұмағалиева. «Үш ұл дүниеге келді. Ана мен балалардың денсаулықтарын қадағалап отырмыз. Салмақтары екі келі 490 грамнан бастап, екіншісі екі келі 685 грамм, үшіншісі үш келі тұратын шараналардың жағдайлары жақсы. Бір аптадан кейін үйлеріне шығады», – дейді емдеуші дәрігер Айгүл Сапарғалиқызы. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлер сәбилерді кесір тілігі арқылы босанырып алған.