Басты жаңалықтар

Іс-түссіз жоғалып кетті: Талдықорғанда 16 жасар қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Талдықорғандық Рената Нұрғалиева жұмыс бабымен бейтаныс жігітпен кетіп қалып, біра апта көлемінде байланысқа шықпаған

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Рената 18 шілде күні үйден шығып, қайтып оралмады.  Сол күннен бастап бойжеткеннен еш хабар келмеді.

Жоғалып кеткен күні 16 жастағы қыз жақындарына хат тастап кеткен. Онда ол бір жігітпен Өскеменге жұмыс істеуге кетіп бара жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ құзырлы орган қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бойжеткеннің анасы ұрлық жасағаны үшін қамауда отыр. Ренатаның қарқоршы тәте бар болып шықты. Алайда, әйел адам бойжеткеннен бас тартамын деп отыр.