Менингит ауруының белгілері мен қорғану жолдары
Менингококк инфекциясы жайлы ақпаратты біліп, жақындарыңыз бен өзіңізді қауіпті аурудан сақтандыра жүріңіз.
Аурудың алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болып келеді. Адамның тамағы қабынып, тыныс алу жолдарында жайсыздық белгілері пайда болады. Менингит – ми қабықтарының қабынуы. Ал менингококк -қанның зарарлануы. Бұл дерт жұқпалы болып келеді. KYN.KZ сайты ауырудың алдын алу мен алғашқы белгілерін назарларыңызға ұсынады. Инфекцияның берілу жолы- адамдармен сөйлескенде, көпшілік ортада ауамен, жөтел арқылы. Белгілері: Бас қатты ауырады. Шөлдеп, құсу. Адамның қызуы тез арада қатты көтеріліп, қалтырауға дейін барады. Бозару, тәбет жоғалады. Әлсіздік. Арқа және аяқ-қол сүйектері қақсайды. Аурудың алдын алу: Тұмау белгілерін байқасаңыз бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Көпшілік ортаға баламен бармаған жөн. Бассейнде шомылуды, балаларға арналған алаңдарда ойнауды уақытша тоқтату керек. Үйде күн сайын ылғалды тазарту жұмыстарын жүргізу. Ауаны жиі тазартыңыз. Тек қайнаған немесе тазартылған суды тұтыныңыз. Салқын тиюден сақтаныңыз. Үнемі ұйқыңыз қанып, миыңыз тынығып, қарныңызды тойғызып жүруге тырысыңыз Балалардың қолын жиі жуып тұрған жөн.