Басты жаңалықтар

Түсірсін "коровасын" онда шаруамыз шамалы: белгілі журналист Баян Алагөзованың "Тағдыр бекеті" фильміне наразылығын білдірді

Бибігүл Дәулетбек Баян ханымның "коровасы" да кәрістерден ұрланғанын айтып, атышулы шығармашылық жанжалда Талған Теменовты қолдайтынын айтты.

Бибігүл әңгіменің басында жобадан қолы тигенде фейсбуктен бірінші көргені - Баянның мәселесі екенін айтты. "Сол баяғы Баян! Иә, иә, Баян - бұрынғы Есентаева, қазіргі Алагөзова әпкеміз Талғат Теменовтің кезінде халықтың өліп-өшіп жақсы көрген "Махаббат бекетінің" 2 бөлімін түсіріп жатыр екен", - деп, мұндай жаңалықты естігенде ыршып түскенін де жасырмады. Келесі сөзінде Баян Алагөзова атақты Талғат Теменовтың төл туындысын ұрлаған, оған қоса рұқстаын да алмағанын айтып режиссердің қынжылысына қосылатынын білдірді. Бибігүл Дәулетбек: "Ал, оған Баянка әпкеміз беті бүлк етпей: "Мәдениет министрінен рұқсат алдым" деп қояды", - дей отыра Мәдениет министрлігінің мұндайға қалай рұқсат бергенініе таңғалды. Өзінің инстаграм парақшасында бөліскен бұл жазбасының соңында Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сұрақтарын жаудыртты. "Біз қазақ бір атым насыбайдан көңіл қалатын халықпыз. Соның бірі өзіммін. Менің сұрағыма жауап беріңізші. Баян Алагөзова ханымға қалайша рұқсат бердіңіз? Бұл нағыз қылмыс екенін білемісіз? "Гүлнәз" повестін жазған белгілі режиссер Талғат Теменов көкеміз. Ол кісіні әлем таниды. Сыйлайды. Бас иеді. Осы повесть бойынша түсірілген "Махаббат бекеті" фильмінің режиссері де Талғат Теменов. Әлде былтыр ғана осы әйелдің тарихи сериалымыз "Қозы Көрпеш - Баян Сұлуды" ырым-жырымын шығарғанынан хабарсызсыз ба? Түсірсін "коровасын" онда шаруамыз шамалы(Ол да кәрістерден ұрланған дүние. Қоя берші...) Ал, неге Талғат Теменов секілді атақты режиссердің дүниесіне қол салады? Неге?! Расында сіз соған рұқсат берсеңіз, көңілім кәдімгідей қалды", - деп болып жатқан жағдайға қатысты өкінішін білдірді. Сөз соңында Баян ханымға: "Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды бүгін Қазақ халқы танымас еді. Баянды Баян еткен - Гүлнәз. Ал "Гүлнәз"-ді повесть етіп жазып, фильмнің идеясына дейін ойлап шығарған - Талғат Теменов. Миллиондаған көрермен сол фильм үшін де Баянның небір хикаяларын кешіріп келеді", - дегенді алға тартып, жалпы өзінің плагиат деген дүнинені жек көретінін айтты.