Басты жаңалықтар

Түркістандық азамат сөмке ішіне салынған нәрестені тауып алды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының тұрғыны жаңа туған сәбиді тауып алды

Сәби даланың аптап ыстығында 4 сағаттай сөмке ішінде жатқан екен. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды. Жаңа туған сәбиді ауыл тұрғыны Әсия Омарова тауып алды. Айтуынша, алғашқыда балақайды такси жүргізушілері байқаған екен. Бірақ сөмкені ашуға батылдық жетпепті. Кейін Әсия  бар күшін жинап, сөмкені ашқанында,  қатты таңғалдым дейді. Себебі, даланың аптап ыстығында бала тұншығып қала жаздаған көрінеді. Ал беті қызарып кеткен  бүлдіршіннің бастапқыда тірі екенін де түсіне қоймапты. “Үйімнің алдына сөмкені әкеп таптапты ашып қарасам қып-қызыл болып жаты. Көршім дәрігер болатын. Соны шақырып келдім. Бала біраздан соң барып жылады”, – дейді тұрғын. Қазір сәби балалар ауруханасында дәрігерлердің қарауында жатыр. Ақ халаттылар қыз баланың небәрі үш күн бұрын дүние есігін ашқанын айтады. Оған Айым деген есім қойыпты. Ал құзырлы орган қызметкерлері болса, сәбидің анасын іздеп жатыр. Жол бойындағы сөмкені алғаш такси жүгізушілері байқаған. Ал тұрғын сөмкені төрт сағаттан соң ашып қараған.