Басты жаңалықтар

Шоумен Марат Оралғазин үшінші мәрте әке атанды

Отандық тележүргізуші, «Қызық Times» бағдарламасының тізгіншісі Марат Оралғазиннің үшінші пезенті дүниеге келді

Бұл туралы Марат өзінің  Instagram-парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. «Сүйінші, қызды болдық», – деп қуанышымен бөлісті ол. https://www.instagram.com/p/BmI1ju_noFX/?utm_source=ig_web_copy_link Айта кетейік,  шоумен жұбайы Зита Байғазинамен бірге 2 баласын тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ Марат үшінші баласына қойылатын есімді де атап өтті. Өз кезегінде артистің өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары «бауы берік болсын» десіп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.