Басты жаңалықтар

"Мама, мен жазыламын ба?: Алты жасында қартайып кеткен бүлдіршіннің сөздері елді жылатты

Қазақстандық 6 жасар Ернар Әлібеков сусымалы тері синдромына шалдыққан. Баласының қазіргі жағдайы мен болашақтағы жоспары туралы анасы айтып берді.

Ернар қазір небәрі алты жасында ғана болғанымен, өзінің ерік-жігері мен күшімен қатты ерекшеленеді. Әлі емі табылмаған ауруға шалдыққан баланың анасы оның  алғыр екенін айтады.

Ол өзін-өзі жақсы ұстап, сезімі мен ойын көп сыртқа шығармайтын көрінеді. Тіпті, анасының "Мені жақсы көресің бе?" деген сұрағына "мүмкін" деп қана жауап қайтарады екен.

"Ернар өзінің ерекшелігін түсінеді. Диагнозын да жатқа біледі. "Мама, мен жазыламын ба" деп сұрайды. Ешқашан үмітіңді үзбе деймін", - дейді анасы.  width=

Зебвинса ұлының тері астындағы коллагендері мен иілгіштері бұзылғанын айтады. Тіпті, ол климат ауыстырғанда қатты әлсіреп қалады екен.

Ернардың ағзасы кез келген вирусты жылдам жұқтырады. Сондай-ақ, сәбидің күніге бірнеше рет демікпесі ұстайтын көрінеді.

Қазір Ернардың кірпіктері ішке өсіп жатыр екен. Ата-анасы оған ота жасауды жоспарлап отыр.

 width=

Анасының айтуынша, аулада Ернарды бәрі біледі, ешкім оны бөліп жармайды. Ол өзінің ерекше екенін басқа жаққа шыққанда ғана қатты байқайтын көрінеді.

Зебвинсаның сөзінше, баласы білімге құштар. Тіпті, ұйықтар алдында анасынан ауыр энциклопедия оқып беруін сұрайды екен.

Ернар болашақта профессор болуды армандайды.

"Оның арманы көп. Бір білетіні - профессор болу. Екінші мамандығы күнде өзгереді. Бірде аспаз боламын десе, кейде қорықтың күзетшісі болғысы келеді" , - дейді Зебвинса.

Қазір Ернарға анасы күтім жасап отыр. Таңертеңнен ингаляция жасап, түрлі гармондық дәрілер қабылдатады екен.

Зебвинса барлығы жақсы боларына сенетінін айтады. Ол ұлы үшін әрдайым мықты болуға тырысамын дейді.