Сайрагүл Сауытбай тумысынан қолында «Алла» жазуы барын көрсетті
Сайрагүл Сауытбай қатты қиналғанда қолындағы "Алла" жазуына қарап, сабырға келетінін айтты.
Бұл туралы Сайрагүл Сауытбай Facebook желісінде тікелей эфир кезінде айтты. Сайрагүлдің айтуынша, оның оң жақ қолының бас бармағында «Алла» сөзі жазылған. «Анам менің өмірге келген сәтте қолымда «Алла» жазуы бар болғанын айтты. Мені балалары жоқ отбасы асырап алған. 5 жасқа толғанда ата-анам қайта өз тәрбиесіне алған», – дейді Сайагүл. Сайрагүл сол белгіге қарап, өзін сабырға шақыратынын айтты. «Қатты мұңайып, көзіме жас алғанда осы белгіні көрем. Сондай кездерде сабыр ете бастаймын. Бәрін жақсылыққа жоримын», – дейді ол. Айта кетейік, Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Сайрагүл үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады.