Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Майғазиев Түсіпбаеваға қалай ғашық болып қалғанын әңгімелеп берді

Майғазиев Түсіпбаеваға қалай ғашық болып қалғанын әңгімелеп берді
ашық дереккөз
Сәкен Майғазиев күлкісі мен көзіне ғашық қылудың шебері Түсіпбаеваның құпиясын ашты.
Әншінің айтуынша, 1995 жылы "Гүлдер" ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлына іздеп барғанында, онда өзгелерден бөлек Меруерт Түсіпбаева отырған. Ол кезде Меруерт ханымның атағы жер жарып тұрған кезі екен. "Меруерттің "Қимай сені барамын" деп "қиратып" жүрген кезі. (Жігіттер, мойындаңдаршы бәріміз "сындық" қой. Әлі де", - деді Майғазиев. Одан кейін Меруерт Түсіпбаева ол кезде әлі таныла қоймаған әншіден жөн сұрасады. Сәкен Майғазиев өзінің әнші екенін айтқанда Меруерт Түсіпбаева: "О-о-о, ҚАЗАҚ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой...", - деген. Мұндай жағымды сөзді естіген кездегі көңіл-күйін Сәкен мырза былай сипаттайды: "Түсыпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту-у-у. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым, арасында барып айнаға қарап қоям". Сәкен Майғазиев инстаграм жазбасын Меруерт Түсіпбаеваның туған күніне орай құттықтау сөзбен аяқтады.

Қателеспесем, 1995 жыл. "Гүлдер" ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлы ағамды іздеп бардым (Ізденген түрім ғой😊). "Гүлдердің" қара шаңырағында бірнеше өнерпазбен бірге Меруерт Түсіпбаева @mira_tusupbaeva да отыр екен (бірінші көруім). Меруерттің "Қимай сені барамын" деп "қиратып" жүрген кезі. (Жігіттер, мойындаңдаршы бәріміз "сындық" қой. Әлі де. 😍). Содан қойшы, Меруерт "Кімге келдің,"няғып" жүрсің"-нің астына алды. РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып ағымнан жарылып жатырмын. "О-о-о, ҚАЗАҚ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой..." деді. Түсыпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту-у-у. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым (арасында барып айнаға қарап қоям 😂). Эстрадаға келіп, "МузАРТ" құрылған соң Меруертке "Осыдан он жыл бұрын маған баға беріп, басымды айналдырғансың" десем: "Да-а-а? Не-е-е помню" демесі бар ма. 😂 Туған күніңмен, шыншылым! Нұрғисаң сеніміңді ақтасын. 😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар