Басты жаңалықтар

Майғазиев Түсіпбаеваға қалай ғашық болып қалғанын әңгімелеп берді

Сәкен Майғазиев күлкісі мен көзіне ғашық қылудың шебері Түсіпбаеваның құпиясын ашты.

Әншінің айтуынша, 1995 жылы "Гүлдер" ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлына іздеп барғанында, онда өзгелерден бөлек Меруерт Түсіпбаева отырған. Ол кезде Меруерт ханымның атағы жер жарып тұрған кезі екен. "Меруерттің "Қимай сені барамын" деп "қиратып" жүрген кезі. (Жігіттер, мойындаңдаршы бәріміз "сындық" қой. Әлі де", - деді Майғазиев. Одан кейін Меруерт Түсіпбаева ол кезде әлі таныла қоймаған әншіден жөн сұрасады. Сәкен Майғазиев өзінің әнші екенін айтқанда Меруерт Түсіпбаева: "О-о-о, ҚАЗАҚ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой...", - деген. Мұндай жағымды сөзді естіген кездегі көңіл-күйін Сәкен мырза былай сипаттайды: "Түсыпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту-у-у. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым, арасында барып айнаға қарап қоям". Сәкен Майғазиев инстаграм жазбасын Меруерт Түсіпбаеваның туған күніне орай құттықтау сөзбен аяқтады.