Басты жаңалықтар

Жұрттан қаламыз ба: Отандық жұлдыздар арасында жүріп бара жатқан көлік алдында билеу сәнге айналды

Сәнге айналған челлендждің өмірге қауіпті, жол жүру ережесіне қайшы екені қанша жазылып, айтылып жатса да инстграмда мұндай видеолар азаяр емес.

Бұл челлендждің атауы - "Кики челлендж". Атақты канадалық рэпер Drake-тің "In My Feelings" әнінің қайырмасындағы "Kiki, do you love me? Are you riding?" өлең жолдарына орай осылай аталып кеткен. Челлендж бойынша адам жүріп бара жатқан көліктің қасында би билеуі тиіс. Бүкіл дүниежүзілік интернет әлемін жаулап алған челлендж Қазақстанда да сәнге айналып, тіпті, жұлдыздардың өзі қалысар емес. Соның ішінде алғашқылардың қатарында Алтынай Жорабаева болды.

Соңғы челлендж видеолар арасында жұлдызды жұп Аша Матай мен Арманның орындауындағы челлендж пайда болды.

Скрипкада өнер көрсеткен Жәмиля Серкебаева видеосы барша жұртты таңғалдырды.

  Ал желі қолданушыларының жаңа челленджге қатысты пікірі қақ бөлінеді. Бірі заманыңнан қалыспау керектігін айтса, енді бірі «атың шықпаса жер өрте» дейді. Десе де көпшілігі жұлдыздардың көлікпен ілесе жүріп билеген биіне жоғары баға берген. Сондықтан көпшілік мұндай әрекеттің қауіптілігін ойлай бермейтін тәрізді. Бүгінде көпшілік хайп қуып, танымалдыққа қол жеткізу үшін түрлі әрекетке барғанымен, алдымен олардың өмірге қауіптілігін ойға алған жөн екенін естеріңізге саламыз.