Басты жаңалықтар

Менен жалықса тоқал алар: КТА ойыншысы Мереке өзінен кіші жұбайы жайлы айтты

Екі жастың жас айырмашылығын сынап-мінегендерге Мерекенің жауабы дайын екен.

Мереке қасындағы жақындарының уайымы біреу деп, "Күйеуің жап-жас, әп-әдемі жігіт! Ертең сені тастап, жас қызға кетеді" дейтіндердің көп екенін айтты. Мұндай комментарийлерге жауап ретінде: "Адамның қалағаны емес, Алланың дегені болатынын ұмытқан ғой", - деп, қысқа қайырған. Келесі сөзінде не де болса әйелге байланысты екенін, Арсен жалыққан жағдайда кетіп, екінші әйел алар деп болжаған екен. Алайда, Мереке: "Бірақ менде осы 100 жылдыққа дайындалған сценарий бар", -деп, өзінің осал емес екенін айтып, күлдірді.