Шулы той кортеждері: Алматының орталық көшелерінде жол жүру ережесі бұзылуда
Алматыда болған тойда қымбат көліктеріндегі мемлекеттік нөмірлерін шешіп тастап, теріс қарай жүрген демалушылар құзырлы орган назарына ілікті
Алматыда той кортеждері жол ережесі өрескел бұзылуда. Алайда оған назар аударар ещкім болмай отыр. Себебі Жжол-ережесін қайшы қозғалыс жасау арқылы, көлік кептелесіне себепкер болатындар оңай жазамен құтылып, бұл ісін қайта жалғастыра беретін көрінеді. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды. Тойлаушылардың жол ережесін қорықпай бұзып жүргендеріне тағы бір себеп, бұл- айыппұл көлемі аз, кейде олардың өрескел әрекеті жазасыз қалады. Қымбат көлікке жайғасып, жалпыға ортақ тәртіпке түкіргеніміз бар дейтіндердің әрекеті қатаң жазаланып жазаланып жатқандар да бар. Бірақ апат болатын жағдай туғызып, жазадан оңай құтылатындары көп. Мәселен, Маңғыстау облысында жас жұбайлардың көлікпен серуені кезінде жас жігіт тапаншамен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Алайда жұрттың зәрәсін алған ол 45 мың теңге айыппұлмен құтылған. Астаналық Талғат Қайыргелдіұлы той ұйымдастыру орталығының жетекшісі. Айтуынша, жастардан мемлекеттік нөмірсіз жүру туралы ұсыныс түспеген. Бірақ лимузиндерді жалдап алғандар жол үстінде қарсы бағытқа шығу туралы өтініп жатады екен. Өңірлерде болған оқиғаларды тізбектеп шықтық. Ал Астана бойынша жыл басынан бері той кортеждерінің қатысуымен бірде-бір заңбұзушылық тіркелмепті. Оған полицейлер жол бойындағы камералардың көптігімен түсіндіреді. Жалпы, той кезінде көліктердің ереже бұзуы қалыпты жайт. Жыл басынан бері жүздеген мың жүргізушіге ереже бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады. Соған қарамастан жолдың қарсы бетіне шығу, кері шегініп жүру, арнайы дыбыстық құрылғыларды пайдалану деректері азаймай тұрған көрінеді. Ал жұрттың зәре құтын қашырған той кортеждері өзіне де өзге көліктерге де қауіп төндіретінін түйсінбесе, мұндай мақтаншақтық әлі ұзақ жалғасатын түрі бар.