Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа форматтағы оқулықтар: Әсет Исекешов пен Динара Сатжан мектептің кітаптарына енгізілді

Жаңа форматтағы оқулықтар: Әсет Исекешов пен Динара Сатжан мектептің кітаптарына енгізілді
ашық дереккөз
Оқулықтарға Астана әкімі Әсет Исекешов, тележүргізуші Майя Бекбаева, журналист Динара Сәтжан кіріп отыр.
5 пен 7-сынып оқушыларына арналған жаңа форматтағы оқулықтар шықты. Тізімде Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка және география пәні бар. Онда еліміздің әр өңірінің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, сондай-ақ әр өңірде өмірге келген тұлғалар туралы мағлұмат бар. Атап айтсақ, Астана қаласы жайлы жазылған мағлұматта белгілі блогерлердің аты аталады. Оған Астана әкімі Әсет Исекешов, тележүргізуші Майя Бекбаева, журналист Динара Сәтжан кіріп отыр. Кітап екі тілде  шығады. қазақ тілінде жазылып, орыс тіліне аударылады.  Кітап авторлары алдағы жылы жаңа оқулықтың барлық оқушыға жететінін айтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар