Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алиментті толық төлемейді: Анджелина Джоли Брэд Питті сотқа берді

Алиментті толық төлемейді: Анджелина Джоли  Брэд Питті сотқа берді
ашық дереккөз
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Пит балаларын асырауға толық қаражат төлемейді деп сотқа шағымданды
2016 жылы әлемнің ең жарасымды жұптарының бірі Анджелина Джоли мен Брэд Питт «келіспеушіліктердің» салдарынан ажырасуға бел буды. Дегенмен, бұрынғы ерлі-зайыптылардың  алты баласы анасының қолында қалды.Ал бүкіл әлемді қызықтырған жұптың ажырасу процесі әлі жалғасуда. Джолидің қорғаушысының айтуынша, Брэд Питт әйелімен ажырасқаннан кейін балаларын асырап бағуға айтарлықтай қаражат төлемеген. Алайда, шағымданушы тарап актердың қанша сома төлеп жүргенін нақты атап айтпады. Десе де  Брэд Питтің жақындары актердың барлық алиментті белгіленген тәртіп бойынша төлеп жүргенін айтқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар