40-тан асқан шағында өзінен 20 жас кіші қызға үйленген әнші әке атанды
Отандық әнші Сержанәлі Әлібек өзінен кіші Ақбаянның былтыр ғана бетін ашып, биыл тойын өткізген болатын. Ал, бүгінде алғаш рет әке атанып отыр.
Бұл туралы Сержанәлі Әлібек Instagram желісіндегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Белгілі болғандай, әншінің жары шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген. «Анаңа, анаңа, анаңа, сонан соң әкеңе жақсылық жаса деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші, достар. Алла берген жан жарыма рахмет. Бүгін – біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар болсын, Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл силады. Сүйінші, ағайындар, сүйінші! Әке болғаныма сенбей отырмын», – деп қуанышымен бөлісті әнші. Комментарийлерде желі қолданушылары жарыса «бауы берік болсын» десіп, ақ тілектерін жаудыруда. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Сержанәлі өзінен 20 жас кіші келіншегі туралы айтып берген еді.