Басты жаңалықтар

Ашуымды білесіздер: Төреғали шымкенттіктерге ескерту жасады (видео)

Төреғали суретке түсуге қолқалап, әншіні қаумалап алған халықты мәдениеттілік сақтауға шақырды

Біраз уақыт бұрын тыңдармандарына дөрекі сөйлеген Төреғали Төреәлінің бейнежазбасы желіні шулатқан еді. Енді, міне арада көп уақыт өтер-өтпестенәнші  тағы да  тыңдармандарын таңғалдырды.  Бұл жолы Төреғали өзімен суретке түскісі келген оңтүстіктің жұртын сабырға шақырып, мәдениеттілікті ұмытпауды ескертті.

«Бір-бірімізді сыйлайық. Әр жердің мәдениетін сақтауға тырысайық. Болмаса, менің ашуымды білесіздер», – деді ол. https://youtu.be/quXRL0GerYo

Айта кетейіе, бұл  қайырымдылық кешінде Дастан Оразбеков, Нұрлан Абдуллин сынды өнер жұлдыздары келіп, өнер көрсеткен.