Ақтөбелік қыздың жазған хатын II Елизавета жауапсыз қалдырмады (фото)
Ақтөбе қаласының тұрғыны Зарина Ахметжан ІІ Елизаветаға хат жазып, көп ұзамай жауап алғанына таңғалып отыр
Ақтөбелік азаматша Зарина Ахметжан бала кезінен хан-сарайларда тұруды, патша ме патшайымдарды көруді армандайтын. Сол себепті, ІІ Елизавета патшайыммен кездесу ниетімен оған хат жазыпты. Хатта бүй дейді.
"Мен кішкентайымнан ханзадалар мен ханшайымдар туралы көп оқығанмын. Үлкейе келе, ағылшынша оқып, қазіргі күнге дейін патша мен патшайымның бар екенін білдім. Мен сізбен кездесуді қатты қалаймын. Сол үшін сізден бір хабар болар деген үмітпен хат жазып отырмын. Мен сізді қатты құрметтеймін және сізбен күндердің күнінде кездесетініме сенемін. Сіздің Зарина Ахметжаныңыз", - депті. Қызығы көп ұзамай, жазған хатына жауабын да алған. Ол Букингем сарайынан келіпті. "Құрметті, Зарина! Патшайым менен сіздің Ұлыбритания мен Британ монархиясына деген өз сезімдеріңізді жазған хатыңызға жауап беріп, алғыс айтуымды өтінді. Елизавета патшайым сіздің сөздеріңізге өте риза. Алайда ол кездескісі келетін адамдардың барлығымен жолыға алмайды. Патшайым сізді біздің елге келеді деп үмітеннеді. Мен сізге патшайымның Графпен түскен суретін жібердім. Алтын уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет. Құрметпен, фрейлина Лэри Лоррисон", - делінген хатта.