Балалар үйіне тарту жасады: Ақтөбелік жас жұбайлар елді сүйсінтті
Шаңырақ көтеріп жатқан жастар қаладағы «Үміт» сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады
Жас жұбайлар той болатын күні күндізгі серуенге кететін шығынның орнына қайырымдылықпен айналысуды жөн көріпті.Олар сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады. «Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», — дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.