Сотқа берген Анджелина Джолиге Брэд Питт жауап берді
Қазіргі кезде голливудтық танымал жұптың ажырасу процесі жүріп жатыр
Бұл жайлы РИА новости жазады. Танымал актер Брэд Питт бұрынғы жұбайы Анджелина Джолидің түсірген шағымдарына тоғыз миллион доллардан артық төлегенмін деп жауап берді. Қазіргі кезде актерлердің ажырасу процесі жалғасып жатыр. Бұдан бұрын Джоли ажырасқалы бері балаларға "ешқандай қаражат төлеген жоқ" деп Питті сотқа берген еді. Питтің адвокаттары мұны жоққа шығарды. Хабарланғандай, Брэд Питт Джоли қазір тұрып жатқан үйді сатып алуға 8 миллион доллар "қарызға берген" көрінеді. Сонымен бірге бұрынғы әйелі мен ортақ балаларының шығынын өтеуге тағы 1,3 миллион доллар жұмсаған. Бұдан бөлек, Питтің адвокаттары Джоли жақты БАҚ-ты пайдаланып, айла-шарғы жасады деп айыптады. Джолидің қорғаушылары өз кезегінде Питтің командасы шындықты бұрмалап, оның балаларға дұрыс қолдау көрсетпей жүргенін жасырып отыр деп мәлімдеді. Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2016 жылы ажырасуға шешім қабылдады. Жұлдызды жұптың алты баласы анасының қолында қалды.