Мал дәрігерлерінің айтуынша, мутацияның бұл түрі қате будандастыру салдарынан туындайды
Lenta.ru порталының ақпаратына сәйкес.
Қытайдың Шэньси провинциясындағы Дунгоу ауылында екі басты бұзау туды.
Сиырдың иесі хабарлағандай, басқа бұзауларда ешқандай кемтарлық болмаған
Әйелдің айтуынша, бастапқыда бұзаудың ерекшелігін байқамай да қалыпты. "Басы үлкендеу екен деп ойладым, — дейді Фэн Вэньхун. — Кейін жақындап қарасам, екі басы бар екен".
Бұзау екі аузымен де іше алады, өзі біршама мықты болғанымен, аяққа тұрып кете алған жоқ.
Ауыл тұрғындары ерекше жануарды көру үшін Фэн Вэньхуннің үйіне ағылып жатыр. Мал дәрігерлерінің айтуынша, мұндай генетикалық мутация қате будандастыру салдарынан туындауы мүмкін.
Келесі мақала