50000-ды көп көрді: 100-ден аса хит әндерінің авторы ақысын төлемеген Бақаеваға ренжулі
Ұзату тойларлда хитке айналған «Әгугәй» әнінің авторы өз еңбегінің жемісін көре алмай жүргенін, әлі күнге дейін бір тиын алмағанын айтып налыды.
Әділдікті іздеген жас ақын Назерке Семей соңғы үміті - Бибігүл Дәулетбекқызына жазған екен. "Бибі әпке, сіздің көмегіңіз керек. Мен бүгінгі таңда қызды ұзатар алдында айтылып жүрген "Әгугәй" әнінің авторымын. Жас ақынмын. Қанатым қырылып, жүрегім қан жылап жүр. Сізден көмек сұрап отырмын", - деп өтініш білдірген. Журналист өз кезегінде бұл тамаша әнді бұған дейін естігенін айтып, жас ақынға сол сәтте телефон шалады. Оның айтуы бойыншаұзақ сөйлесіп, оқиғаның мән-жайы анықтала бастайды. «Неге мені пайдаланады жұрт? Олар сонда мен арқылы нанын тауып жеп жүр ғой. Олар менің дауысымды барлық тойларда пайдалануда. Аңғал халық сол пайдакүнемдерге сеніп, фонограммасы үшін ақша төлеп отыр. Керек десеңіз Бибігүл әпке, әнші Салтанат Бақаева бұл ән үшін бір тиын да төлемеді», - деп Назерке журналистке мұңын шаққан. Келесі сөзінде жас ақын Салтанат Бақаева тағы хабарласып, "Қыз ұзатуда ішке кіргізерде бір ән жазып жатыр едім, өлең жазып бересің бе?" деп өтініш білдірген. Назерке келісіп, әнге әдемі сөз жазып, атын «Әдемі-ай» қойып, қайта жіберген. Кеін қаламақы ретінде 50000 теңге сұрағанда Салтанат менде ондай ақша жоқ деп, 20000 теңге ғана ұсынған. Әрине, мұндай күлкілі сомаға ақын келіспегенін айтады, артынан Бақаева атын өлеңнің атын өзгертпей басқа ақынға жүгінгенін баяндады. Журналист сөз соңында Назеркені қатты аяғанын, Салтанат Бақаеваның «Арнаудан» кеткелі бері жөні түзу әні «Әгугәй» ғана болғанын айтып, миллиондап табыс тауып жатқанда «50000-ға бола жылағанына жол болсын» деп, өзгелердің нанын жегендерді заңмен жазалау керек екенін алға тартқан.