Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын сыйлаған қымбат көлікті елге көрсетті
«КешYou» тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали өзіне сыйланған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды.
Желіде әнші жап-жаңа ақ көліктің жанында түскен суретін жариялады. Сурет астына екіұшты түсініктем: «Балақай, балақай үшін рақмет», – деп жазды Жұлдыз Instagram-да. Пікір жазған қолданушылардың барлығы дерлік көлікті күйеуі Айқын сыйлағанын жарыса жазуды. «Айқынның ескі көлігіне ұқсайды екен», «Құтты болсын! Күйеуіңіз Айқынның сыйлығы ма?», «Керемет сыйлық екен. Кім сыйлады? Балақай деген кім?» – деп жазды пікір қалдырушылар.