Айжан Байзақова еліміздің ең ықпалды 50 әйелдің қатарына енді (фото)
Атышулы блогер Айжан Байзақованың ең ықпалды әйелдер қатарына кіруі жұрттың ашуын туғызды
Қазақстанның ең ықпалды әйелдердің тізіміне елімізге үлес қосқан немесе қоғамдық пікірге өзіндік әсер ете алатын 50 қыз-келіншек кіріпті. Бір қызығы, олардың көшбасын Дариға Назарбаева бастап тұрса, соңғы орынды атышулы Айжан Байзақова қанжылаған.
Ықпалды әйелдер қатарына ерсіз қылықтарымен танымал болған бойжеткеннің енгені көпшілікті таңғалдырып қана қоймай, ашу ызасын да туғызған болатын. Тізімнің соңына да болсын іліккен Байзақова бұл орынға лайықты емес деп желі қолданушылары наразылығын білдіріп жатты.
https://www.instagram.com/p/BjtzG-hnxgV/?utm_source=ig_web_copy_link "Басқа дам табылмай қалды ма? Бұның мынадай тізімде болуы өрескел қате" , "Одан ша Роза Рымбаеваны кіргізетін адамдар ғой, қайдағы Байзақованы салғанша","Елімізге еңбегі сіңгендердің арасына мұндай тәрбиесізді қосудың қажеті жоқ","Байзақова? Не үшін, не істепті елі үшін? Төсін жасатқаны үшін бе?", "Мынау нағыз масқара, айтарға сөзім жоқ. Жеткен жеріміз осы болса керек", - деп жазды ашулы оқырмандар.
Көпшіліктің ызасын туғызған Байзақова ғана емес, сондай-ақ Баян Алагөзова мен Динара Сатжан да болды. Оның орнына неліктен халық әртісі Роза Рымбаеваны қоспады деп ашынады желі қолданушылары.