Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денис Тенді бағаламады: Ресейлік бапкер спортшыға Қазақстанда лайықты орын берілмеді деді

Денис Тенді бағаламады: Ресейлік бапкер спортшыға Қазақстанда лайықты орын берілмеді деді
ашық дереккөз
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Максим Марининнің айтуынша Денис Тен Сочидегі олимпиадаға дейін тиісті дәрежеде бағаланбады
Ресейлік спортшы "Тает лед" бағдарламасында берген сұxбатында айтты. "Бәрінен бұрын ол әртіс еді. Сонымен қатар техникалық элементтерді жақсы меңгерген. Мен ұзақ уақыт бойы оны сырттай бақылап жүрдім. Мен үшін Денистің қабілеті зор болса да, бастапқыда спорттық мансабында жолы болмағаны біртүрлі көрінді. Ол ұзақ уақыт бойы үнемі көшбасшылар қатарынан көріне алмады. Тіпті, жақсы өнер көрсеткен кезде де оған лайықты баға, лайықты орын берілмеді», – дейді мәнерлеп сырғанаушы. Марининнің сөзінше, Теннің қабілеті зор бола тұра, бастапқы уақыттарда спорттық мансабында жолы болмаған. Мен үшін бұл біртүрлі көрінді, дейді ол. Өз сөзінде Максим Денистің жұлдызы 2013 жылы өткен әлем біріншілігі мен Сочидегі Олимпиададан кейін жанғанын атап өтті. «Ол 2013 жылы әлем чемпионатында екінші орын алғанда, Сочи Олимпиадасында қола жүлдегер атанғанда қатты қуандым. Ол өз елінде үлкен жұлдызға айналды», – дейді Максим Маринин. Айта кетсек, бағдарлама барысында бұрынғы бапкері Елена Водорезова Денис Теннің мәнерлеп сырғанауға қалай келгенін және оның өміріндегі анасының рөлі туралы айтып берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар