Ақтөбе облысында әкім WhatsApp арқылы ауыл тұрғынын балағаттаған
Ақтөбе облысында ауылдық округтің әкімі жергілікті тұрғынды телефондағы хабарлама арқылы балағаттағаны үшін жауапқа тартылды
Бұл туралы ҚазАқпарат жазады. Қарғалы ауданына қарасты ауылдың әкімі Амангүл Халиулина жергілікті тұрғынмен whatsapp желісі арқылы хат алмасу кезінде оны балағаттаған. Телефон арқылы хат-хабарлар алмасу нормаларын бұзған шенеунік бұл әрекетінен кейін тәртіптік жауапқа тартылды.