Алматы облысында мүгедек әйелді мазақ еткен баланың анасы жауапқа тартылады
- автор kyn.kz
- 9 тамыз, 2018
- 327
Мүмкіндігі шектеулі әйелді қорлаған балалардың бірі Қапшағай қаласының тұрғыны, екіншісі басқа жақтан келгені анықталған.
Әйелді балағаттаған бала 10 жаста екен, ол 3-сыныпты бітірген. Отбасы толық емес. Жалғызбасты ана 3 баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының ешқайсысы кәмелеттік жасқа толмаған. Анасына қатысты ҚР ӘқбК 108-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Екінші бала басқа жақтан келген. Ол баланың отбасына да тура осындай әкімшілік хаттама толтырылатын болады», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде таралып кеткен роликте 10 жастағы бала жарымжанды балағаттап, үстіне су шашқан. Аталған ролик қоғамдастық тарапынан наразылыққа тап болып, қызу талқыға түскен еді.