Басты жаңалықтар

ҚБТУ сатылымға шығарылды: Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің акциялары сатылмақ

Аталған акцияның иесі - «ҚазМұнайГаз» АҚ. Лоттың бастапқы бағасы - 11,3 млрд теңге.

«ҚБТУ» АҚ үш ғимаратта - ҚазССР Үкімет үйінде, Бетуров атындағы Химиялық институт және Сокольский атындағы отын, катализ бен электролиз институты ғимараттарында орналасқан.

Мәміле шартына сәйкес, сатып алушы бұл ғимараттарды білім-ғылым саласында пайдалануға міндеттеледі.

Сонымен қатар, сатып алушыға 5 жыл ішінде нысанды сатып, кепілге қоюға, сенімді басқаруға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, студенттер 5 жыл бойы жатақханадан шықпауы керек.