Емдетіп шығындағанша басқа әйелді ал: Жазира дәрігердің күйеуіне не айтқанын ашық айтты
Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа дәрігердің басқа әйелге үйленуді ұсынғаны туралы жайып салды
Жазираның айтуынша, сол кезде ол сырқаттанып жүрген көрінеді. «Жанболат бүгін Қазбекке: «Балам, мен басқа әйел алмайтын болдым, алғым келмей қалды», – дейді. Бірде ауырып, бір жасы үлкен дәрігерге барғанымда, дәрігер Жәкеңе қарап: «Жанболат, сен одан да басқа әйел ала сал, мына Жазираңды емдетіп шығынданғанша…», – деп қалжыңдап, жылап отырған жерімнен күлдіріп жіберген еді. Сол қалжыңның жалғасы екен ғой. Сәл ауырып, қайта жазылып шықсам, осылай қалжыңдайтын болыпты», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.