Басты жаңалықтар
Салтанат Бақаева: Назерке, қанша қарыз болсам төлейін, татуласайық
- автор kyn.kz
- 11 тамыз, 2018
- 347
Танымал әнші Салтанат Бақаева өзін еңбегін пайдаланып, ақысын төлемей кетті деген ақын қызға жауап берді.
"Басқа басқа, дәл мен біреудің ақысын жеу былай тұрсын өз ақымды ала алмай қалатын кездерім болады.
Былай. "Әгугай, құрбым" деген әнді бір-ақ күнде Шырын атты құрбыма арнап шығартқанмын. Ол кезде бүгінгідей хит боларын мен де, сазгер де білгеміз жоқ. Ерхан атты бұрыннан сыйластығымыз түзу сазгер жігітке ойымды айтып ем, сөзге келмей бір түнде жазып берді.
Рахмет. Әнге ақша алмады. Сөзін сол Ерхан Назерке деген ақын қызға жаздыратынын, ол қыз былай ақ (тегін) текст жазып беретін болды деді. Мен қуанып, алғысымды айтып кеттім. Отбасылық жағдайыма байланысты үйде баламен отырдым да, ән енді ғана хитқа айнала бастады.
Әнге бейнебаян түсірдім. Авторларын жүрген жерімде айтып, жаздырып жүрдім. Бұл ән шыққалы екі жыл. Арадан бір жыл өткенде Назеркемен тағы да шығармашылық байланыс орнатпақ ниетпен "Әдемі-ай" деген әніме сөз жазып берсе деп, хабарластым.
"Әдемі-ай, әдемі-ай" деген тақырып сазгер Ерханның аузынан шыққан, ең алғаш. Маған әнді таныстырып, айтып беріп жатқанда (примерно осындай ән болады деп).
Назерке бұл жолы текст жазуға 50.000 (елу мың) сұрады. Ол дұрыс та. Ақысы бар. Бірақ менің дәл сол сәтте бүгінгідей тойым да, кірісім де жоқ еді. 20.000 (жиырма мың) теңге берейінші дедім. Ол келіспеді. Әңгіме осымен тәмәм.
Арықарай Дулат деген ақынға сол ақшаға "Әдемі-айдың" сөзін жаздырдым. Көңілдегідей шықты.
Арадан біраз жыл өткен соң "неге сіз ән хит болған соң маған хабарласып "рахмет" айтпайсыз?", "неге елу мыңды төлемей, басқаға жаздырдыңыз?" деп, қисынсыз мынадай жанжал шығарды.
Естуімше, Павлодар қаласындағы бір би ансамбльімен де осылай соттасып жатыр екен.
Әйтпесе осыдан жарты жыл бұрын тағы да сол Ерхан (сазгер) арқылы "Әгугай" әнінің минусын сұратыпты. Сөзге келмей бердім.
Өзіме неге шықпады? Осы интриганы жасамас бұрын "Салтанат әпке, баяғы тегін жазып берген әніме мынанша ақша төлеңіз, төлемесеңіз жазамын, болмаса сотқа беремін..." деп айтпайды?! Мен "не жасасаң оны жаса" десем, әңгіме басқа.
Назерке, сен әлі жап-жас қызсың. Қазақта классик, мықты жазатын ақындар көп. Соның талайы тегін жазып беріп те жүр, шын көңілдерімен. Біз де қолдан келгенше өтінішін орындаймыз.
Алма-кезек дүние. Қазақтың екі қызы қырсығып, ырлысқаннан өзгеге сөз болудан басқа пайда жоқ. Әлі де болса татуласып, келісімге келейік, Назерке", - деп жазды Салтанат Бақаева.