Басты жаңалықтар

Ақтөбеліктер су жаңа асфальтті "жуып" жұрттың күлкісін келтірді (фото)

Ақтөбеде тұрғындар жаңадан салынған асфальттарына қуанып, жол бойында дастархан жайды

Оқиға Ақтөбе қаласының Мөңке би көшесінде  болған екен. Көп жылдан бері салынған жолдарына қуанған тұрғындар жол бойына дастархан жайып, мәз-мейрам болып  отырыпты. Жаңа жолдарын "жуып" отырған тұрғындардың қуанышын араларында біреу суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Суреттердің астына автор "Ерекше ештеңе жоқ. Ақтөбе қаласы Мөңке-би көшесінің тұрғындары жаңа асфальтті "жуып" жатыр"деген жазба қалдырған.

Ал кейбір қолданушылар өз көшелеріне де асфальт салып беруін сұраған.

https://www.instagram.com/p/BmVgbqHABhs/?utm_source=ig_web_copy_link