Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жылқымен жүреді: Ерекше такси иесі туристерді сүйсіндірді (видео)

Жылқымен жүреді: Ерекше такси иесі туристерді сүйсіндірді (видео)
ашық дереккөз
АҚШ-тың Мичиган штатында жылқымен жүретін такси жүргізушісі көпті тәнті етті

Колондық Тимоти Хоштедлер  АҚШ-тың Мичиган штатында тұрады. Такси жүргізушісі қала тұрғындары мен туристерге ең әдемі жерлерді көрсетіп, аралатып жүреді.

Ол өз қызметін жалпы алғанда  бес долларға бағалайды екен. Бірақ арбаға қанша адам отырса да, сол ақшаны алады. Сонда таксиге жүгінген адамдар бағаны өзара бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Өкініштісі сол, сіз бұл таксиді кез келген уақытта, кез келген жерге шақыра алмайсыз. Себебі Тимоти ұялы телефон қолданбайды екен.

 width=

Орнына ерекше  такси жүргізушісі көшеде жүріп, тоқтайтын көрінеді.

Жергілікті тұрғындар бұл қызметті қуана пайдаланады. Әсіресе, кішкентай балақайлар Тимотидің жылқысын жақсы көреді.

https://youtu.be/O2cYQniQG4M
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар