Басты жаңалықтар
Қостанайлық келіншек әжетханада босанып, сәбиін қоқыс шелегіне лақтырып кетті
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2018
- 280
Затобольскте тұратын 27 жастағы әйел әжетханада баланы дүниеге келіп, нәрестесін сол жерде қалдырып, өзі іс-түссіз жоғалып кетті
27 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны іші ауырған соң ауыр жағдайда ауруханаға түседі. Одан соң, ақ халаттылар оған қажетті сараптама алу үшін әжетханаға баруын сұрайды.
Алайда, әйел әжетханадан шыққаннан кейін іс-түссіз жоғалып кетті. Ал кейін баланы тапқан куәгерлер болса, ондағы қоқыс шелегінің ішінен сәби табылғанын айтты. Дәрігерлер нәрестенің өмірін құтқарып қалды.
Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстары жүруде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.