Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір аптада үш жол апатына түсті: Оралда 9 жасар баланың оқиғасы көпті дүрліктірді

Бір аптада үш жол апатына түсті: Оралда 9 жасар баланың оқиғасы көпті дүрліктірді
ашық дереккөз
Құзырлы орган қызметкерлерінің мәлімдеуінше, апатқа түскен бала жас көлік ұрысы екен. Балақайдың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады
Оралдық тоғыз жасар бала бір аптада үш көлікті айдап әкетіп, үш рет жол апатына түсті. "Қазір біз автокөліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Эвакуатор шақырдық. Апат орнына ювеналді полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады", — деп хабарлады тергеуші. Бұған дейін баланы полицейлер автокөлік айдап әкеткені үшін екі рет ұстаған. Алғаш рет ол бөтен адамның Suzuki көлігін мініп кетіп, жеңіл көлікті соғып кеткен. Ол кезде әкесі оқиғадан аз ғана бұрын көбейту кестесін жаттап отырған баласының үйден қалай шығып кеткеніне таңғалған болатын. Екінші оқиға үш күннен кейін болды, 9 тамыз күні кешкі уақытта балақай Toyota микроавтобусын айдап әкетті. Жас көлік ұрысы рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тіреуіне соғылған соң ұсталған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар