Басты жаңалықтар

Оралдық 89 жастағы кейуана адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр (видео)

Тыл еңбеккері Тамара Ивановна Старших адам шошырлық жағдайда өмір сүруде. Құлағалы тұрған үйде тұрып жатқан кейуана көршілердің бір үзім нанына қарап қалған 

Зейнеткер Орал қаласындағы вокзал маңында тұрады. Кейуананың айтуынша, құлағалы тұрған үйі осыдан 20 жыл бұрын өртеніп кеткен. Ал мемлекет ұсынған өтемақы үйді толықтай жөндеуге жетпеген көрінеді.

Қария өзідігінен жүре алмайды, оған қоса көзі де көрмей қалыпты. Қыстың қаһарлы аязында саусақтарын үсік шалып, дәрігерлер оларды кесуге мәжбүр болыпты. Одан қолды, енді құлағы да нашар ести бастапты.

Бұдан бөлек кейуана мемлекеттен зейнетақы да алмайды екен.

Тамара Ивановнамен бір аймақта немересі мен оның азаматтық некедегі жары бірге тұрады. Алайда олардың қарияға қарайтын ниеті жоқ.

Ал көзі көрмей, құлағы естімей қалған кейуанаға көршісі қолынан келгенше көмек көрсетумен келеді. Өмірдің тауқыметін әбден көрген әжейдің қазіргі бар арманы қарттар үйінен пана табу.

https://youtu.be/QKUEhMXGRUk