Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Даниал Ахметов Өскемен әкімін қызметінен кетуін талап етті

Даниал Ахметов Өскемен әкімін қызметінен кетуін талап етті
ашық дереккөз
ШҚО әкімі Даниял Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевты қызметінен кетуін сұрады
Бұл туралы  Даниал Ахметов облыстық әкімдіктегі жиын кезінде мәлімдеді. «Мен Қуат Тұмабаевтың осындай лауазымды қызмет атқаруына моральді түрде құқығы жоқ деп есептемін. Оған өтініш жазып, жұмысына кетуді ұсындым», – дейді Ахметов. Қуат Тұмабаев Риддерде болған жол апатына куәгер болды. 15 сәуірде болған апатта BMW Х5 көлігінің жүргізушісі көз жұмған еді. Апатқа Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев кінәлі болды. Ал, Тұмабаевтың айтуынша, Құрманбаевтың көлігін айдап, сол маңнан өтіп кеткен жедел жәрдем көлігін қуып жетпек болған. Бұған дейін ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекет істері департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тұмабаевтың қызметіне лайық емес екені айтылды. Кеңеске қатысушылар оны мемлекеттік қызмет имиджіне нұқсан келтірді деп айыптады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар