Басты жаңалықтар

Отандық әнші сәбидің тұсауын кескені үшін өзіне көлік мінгізгенін айтып мақтанды (видео)

Тамар Асар сәбидің тұсауын кескені үшін өзіңе көлік мінгізгенін жасырмай айтты

Бүгінде әншілерден баласының тұсауын кесіп беруін сұрайтындар қатары көбейді. Ал отандық жұлдыздар болса, соған дән риза. Одан қалды, тіпті әнші Қарақат Әбілдина Астанада арнайы тұсау кесетін орталық та ашқан еді. Ал күні кеше Тамара Асар Ақтауда сәбидің тұсауын кескені туралы жазба жариялаған болатын. Артынша оның жазбасына пікір қалдырушылардың ішінен сынағандары да табылды. «Құтты болсын, бірақ қалтаңызды толтырған болар. Әйтпесе бармайсыз ғой. Ақша қайда апармайды», – деп сөгіп жазды оқырмандар. Өз кезегінде Тамара Асар өзін сөккен желі қолданушысына жауап беріп, сәбидің ата-анасы көлік сыйлағанын айтты. «Біздің қазақ дарxан xалық қой, бірден ат мінгізеді… «Ақша беруге ыңғайсыздандық», -деп, көлік сыйлады… Тұсау кескенім үшін… Шүкір…Құтты болсын!» – деді Тамара Асар. https://www.instagram.com/p/BmWWZVGnCwd/?utm_source=ig_web_copy_link