Алматыда жүз шақты талапкер білім грантына іліге алмай наразылығын білдірді
Биылғы мектеп түлектері арасынан Қазақстан чемпиондары мен халықаралық турнир жеңімпаздары білім грантына іліге алмай шу шығарды
Мектеп қабырғасынан ел мәртебесін қорғаған ұл-қыздың басым бөлігі пәндік емтиханнан сүрінген. Есесіне, спортқа икемі жоқ, бірақ жоғары балл жинағандар тегін оқуға түскен. бұл туралы КТК арнасы жазды. ҰБТ болардың алдында ғана белгілі боксшы Ермахан Ибраимов бастаған бір топ спорт қайраткері биыл жүлде алғандарға жеңілдік жоқтығын айтып, осы мәселені көтерген еді. Бірақ бұл саланың нағыз жанашырларының сөзіне құлақ түрген жан табылмады. Қазақтың спорт және туризм академиясының ауласы бүгін жылаған ата-ана мен оларды жұбатқан балаға толды. Алматыға шалғай ауылдардан келген бұл жандар ел чемпиондарын тәрбиелеген. Алайда елім деген өрендердің енді мектеп бітірерде ешкімге керегі болмай тұр. - Бізге грант бөлген жоқ! Грант берілмеді деді! Грант аз бөлінді дейді. Менің өзіме чемпион - балам! Енді 113 баллмен...балам үшін шырылдап Ал академияға грантқа түсу үшін кемінде 115 балл жинауы керек,- чемпионның анасы Гүлнәр Мұратбекова. Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап грант бөлу кезінде спортшылардың атақ-дәрежесі ескерілмейтін болған. Салдарынан, сабақтан гөрі сайысқа көп қатысып жүргендердің барлығы бірдей пәндік емтиханнан құлаған. - Қазақстан чемпионы! Бес дүркін! КМС! Кандидат мастера спорта! Халықаралық турнирді жеңіп алған. Спорт, спорт деп жүгіріп, жиынға кетеді, бір ай жатады, жарыс деп 15-20 күн жатады. Арасында сабақтардан қалады. Өзім көп балалы әкемін, жеті балам бар. Бізге кішкене қиындау боп тұр. Бірақ баласы бес дүркін чемпион болса да, Қанағат Әбдірәсілұлы оны амал жоқ ақылы бөлімде оқытпақ. Грантқа іліге алмай қалғандардың арасында Азия чемпиондары, тіпті Қысқы Олимпиадаға қатысқан Аяулым Әміренова да бар. Десе де, «ел атын әлемге танытса да қабылдай алмаймыз» дейді академиядағылар. Өйткені, Білім министрлігінің талабы солай. Биыл жүлдегерлерге жеңілдік жоқ. Қазақтың спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев айтуынша, бұл жағдай қиындау екенін айтады. -Қиындау боп тұр енді қазіргі жағдай. Кері әсер беретінін сөзсіз. Неге десеңіз, бұл болашағымыз жастар. Болашақ нағыз мамандар осы спортшылардың арасынан шығады. Жаңа мектеп бітіріп келіп, спорттан қашық балалардан емес.45:25 Тағы да хат жолдадық жақын арада. Мен өз басым барып, Білім министрлігінде болып, білім департаменті бар сол жерге барып сол хатты тіркетіп апарып өткізіп кеттім министрлікке. Осы балалардың мәселесі шешіледі ме деген үміттеміз. Ал чемпиондар болса, кімге үміт артарын білмей отыр. Бұл мәселені Ермахан Ибрагимов бастаған бір топ спорт қайраткері ҰБТ басталмай жатып көтерген еді. Алайда, спорт саласының нағыз жанашырларының сөзін елеген ешкім болған жоқ.