Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әкесінің мәйітін шығармақ болған ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Әкесінің мәйітін шығармақ болған ер адам лифт шахтасына құлап кетті
ашық дереккөз
Алматыда 34 жастағы азамат 5 ші қабаттағы лифттен шахтаға құлап түскен
Сол мезетте кабинада төрт ағайынды мен марқұм әкелерінің мәйіті болған. Төртінші мен бесінші қабаттың ортасында істен шыққан лифттен олар өз еріктерімен шығуға талпынған. Бірақ, ең соңғы қалған Ринат Тоғжановтың аяғы тайып кетіп төмен құлдилаған. Жансақтау бөлімінен шыққан ол болған жайды өз аузымен баяндады. Ал тұрғын үйдегі жеделсатыға жауапты «Алматы лифт» мекемесінің басшылығы әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады. Әкесін жерлеуге Қарағандыдан келген Ринат Тоғжановтың өзі де асқар тауының артынан о дүниеге аттана жаздап, аман қалды. Ринат Тоғжанов, науқас: - Туысымыз бірінші түсіп кетті.  Сосын әкемнің мәйітін қабылдап алды. Сосын ағам түсті. Мен түсіп бара жатқан кезде аяғым тайып кетті. Ар жақта лифт жоқ. Содан түсіп кеттім. Ары қарай не болғанын білмеймін,-дейді Ринат Тоғжанов Қабырғалары сынып, беті тілініп , көк бауыры жыртылған жігіттің көрер жарығы бар екен. Өлім мен өмірдің жолайрығында тұрған азаматты ақ халаттылар ажал тырнағынан арашалап қала алды. Бірақ, толық қалпына келу үшін әлі операция жасалады. Ақбұлақ ықшамауданындағы көп қабатты бұл үйдің лифтісіндегі ақау айтыла-айтыла жауыр болған тақырып. Тұрғындар жауапты мекеменің жауапсыздығынан осындай жағдай жиілемей ме деп өкпелері қара қазандай. Ал Ринат Тоғжановтың жақындары  өмірге қауіп төндіріп, зақым келтірген жедел сатыға жауапты «Алматылифт» мекемесін сотқа бермек. Ақауы бар лифтіден ажал құшқан ақтөбелік тележүргізуші мен Атыраудағы екі бірдей жасөспірімнің қазасы әлі ешкімге сабақ болмағандай деп ашынады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар