Әбден жалықтырып жіберді: Қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаров жұбайының ұлты туралы сауалға жауап берді
Экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаровқа әйелі Аида Бердоңғардың ұлты туралы сұрақ жиі қойылады. Өз кезегінде қоғам белсендісі жұбайы туралы айтып берді
Қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаровқа жұбайы Аида Ескендірқызы небәрі 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ол Жамбыл облысы Қаратау қаласының тумасы екен. «Әйелім Аида Ескендірқызы Бердоңғар 1990 жылы дүниеге келген. Аталары – қазақ. Тек бір әжесі татар, тағы бір әжесі неміс ұлтынан болған. Ұлы жүз, Жалайыр руынан шыққан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰК-да журналистика мамандығы бойынша білім алған», – деп жазды Бердоңғаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Сондай-ақ Тәңірберген әйелінің үй шаруасымен айналысып отырғанын айтты. Айта кетсек, Бердоңғаровтар отбасының Арслан есімді 6 жасар ұлы, Лали есімді 2 жасар қызы бар. https://www.instagram.com/p/BmYM6tWhNhH/?utm_source=ig_web_copy_link